Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі» КМК
Отбасы тәрбиесі, оның қазіргі замаңғы әлеуметтік-мәдени жағдайдағы ерекшеліктері
15 ақпан күні біздің колледжіміздің оқытушылары Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығында өткен «Отбасы тәрбиесі, оның қазіргі замаңғы әлеуметтік - мәдени жағдайдағы ерекшеліктері» облыстық семинарға қатысты. Іс - шараның мақсаты: технологиялық және педагогикалық көмек, қолдау көрсету және сүемелдеу негізінде колледж студенттерінің әлеуметтену және өзін-өзі дамыту процесін қамтамасыз ету.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Б.Х. «Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі» екендігін айта кетті. Семинарда жаһанданудағы ата-ананың рөлі, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын - алу және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін дағдарыс орталықтарымен өзара іс - әрекет, ата-аналардың әлеуметтік - психологиялық құзыреттілігін дамыту туралы мәселелерге мән берілді.